ШҚО-да танысын сан соқтырған күдікті ұсталды

Танысынан анасының еміне ақша қажет деген желеумен оны алдап, ірі көлемдегі қаржысын иемденіп кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды F16.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 2023 жылы қаңтар айында болған. Келтірілген шығын көлемі – 7 млн 714 000 теңге.
Тәртіп сақшылар азаматтарға қырағы болуға және төмендегі қауіпсіздік шараларын туралы ескертеді:
– Ақша қаражатын берген кезде барынша сақ болыңыздар, әсіресе достар, таныстар немесе туыстардан көмек сұраған кезде;
– Ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде тексеріңіздер, әсіресе егер өтініш шұғыл түрде, эмоциялық қысыммен айтылса;
– Шешім қабылдауға асықпаңыздар – уақыт алып, басқа туыстармен кеңесіп, деректердің дұрыстығын салыстырыңыздар;
– Қомақты соманы құжатсыз немесе қолхатсыз беруден аулақ болыңыздар, тіпті сенімді адамдардан өтініш түссе де.
Фото: Polisia.kz




